Вернуться в список

Пейнтбол

Алматы қаласында тау сайында «Орман ертегісі» көп қызметті, бүкіл мезгілдік курортының аумағында орналасқан, пейнтбол клубы – бұл отбасы мен көңілді компания үшін ұмытылмас белсенді демалып тынығу жолы.

ПЕЙНТБОЛДЫ НЕЛІКТЕН ОЙНАУ КЕРЕК?

Пейнтбол – бұл уақытты керемет және көңілді өткізудің және бірегей команданың рухын сезінудің тамаша тәсілі. Таза ауамен және тау табиғатының әдемілігімен үйлесімде еліктіруші тактикалық ойын барлық қатысушыға сүйсіну сезіміне бөлеп, жақсы әсер қалдырады. Достармен немесе туысқандармен уақытты жақсы өткізгілеріңіз немесе нағыз корпоративтік демалыс жасағыларыңыз келсе, онда пейнтбол клубы – үздік нұсқа.

Нақты ұрысты ұқсастыратын ойын әскери-ойын сауық бағытта болып, стратегиялық ойлайтын адамдарға ыңғайлы болады. Тіпті денсаулық үшін де өзіңізді жауынгер рөлінде көруге болады: таза ауада белсенді дене жаттығулары тыныс алу және қозғалу аппараттарына жақсы әсер етеді. Пейнтбол демократияшыл, арнайы дайындық керек емес және бұл ретте көшбасшы сапаларын көрсетуге, күйзелістен арылуға және адреналин шығаруға көмектеседі.

Ережелері қарапайым: командалар арасында спорт сайысы оқ ретінде арнайы бояу - пейнтбол шараларын пайдалануды қарастырады. Бұл болып жатқанға барынша көп шынайы бейне береді. Қару-жарақ ретінде арнайы маркер болады. Осындай демалып тынығу бір рет қана бола ма: құмарлық саябаққа бірнеше рет келіп, тағы ойнауға мәжбүрлейді.

КОРПОРАТИВТІК ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫП ТЫНЫҒУ

Корпоратив аясындағы ойын көшбасшыларды бөліп шығару, команданы жұмылдыру, қызметкерлердің экстремальды жағдайларда шешім қабылдау, анық мақсат қою және оған қол жеткізу сияқты бірегей мүмкіндік береді. Артықшылығы киілген камуфляж маскасы және керек-жарақ лауазым мен қызметтегі мәртебе мен айырмашылықты көрсетпейді: осындай демократияшылдық барлық қатысушыны теңестіреді.

Отбасылық тынығу естен кетпейтіндей болады: бұл өмірді жаңа бояуларға және ұнамды әсерлерге толтыру мүмкіндігі. Команда ойыны балаларды тамсандырып, отбасының әр мүшесінің күш-жігерінің арқасында, миссия орындалатын болады.

«Орман ертегісінде» пейнтбол алаңында бүкіл отбасы үшін қауіпсіз және көңілді бос уақыт өткізуді ұйымдастыруға, сүйікті адамыңызға ұмтылмас спорт Туылған күнін сыйлауға және пейнтбол бойынша жаттығуларды үнемі жасап тұруға болады.

КЛУБ ҰСЫНЫСЫ: ЖАҢА КЕЛГЕНДЕР ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІ СТРАТЕГТЕР ҮШІН

  • пейнтболисттің немесе жаңадан келген ойыншының тәжірибелі не тәжірибелі болмауына қарамастан - пейнтбол барлық адам үшін қолжетімді. Бірақ кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан рұқсаты болу тиіс;
  • ойынды бастар алдында барлық қатысушы арнайы нұсқамадан өтеді, сосын базалық жиынтықты алады. Оған карта, таза камуфляж киімі және қорғағыш элементтері кіреді;
  • аумақ бірегей: ойынға арналған алаңның мөлшері 10:10 болып ойнауға мүмкіндік береді. Сценарий негізгі миссияны анықтайды: бәсекелестің туын алу;
  • ілгерілеген ойыншылар алаңды жалға алып, қарсылас шабуылдаған кезде өз қару-жарағын қолдана алады;
  • тұру ыңғайлы болу үшін коттеджді немесе ағаш ауылды жалға алып, бірнеше күн қатарынан қарсыласпен ойын ойнауға, сондай-ақ белсенді тынығудың басқа түрлерін және ойын-сауықтарды көруге болады. Олардың саны «Орман ертегісінде» көп;
  • саябаққа бір рет кіретін билетті кірген кезде сатып алып, күні бойын «Орман ертегісінде»» өткізуге болады.
  • корпоративтік клиенттерге қызметтерді алдын ала брондап қою керек болады. Ұрысты аяқтағаннан кейін, саябақтан бірден кету міндетті емес. Керемет «Отбасылық кафеде» немесе курорт аумағында орналасқан ұлттық немесе грузин мейрамханаларында үстелді брондап қойып, тамақтанып алып, күш жинауға болады.

Бізбен нағыз корпоративті және керемет отбасылық демалысты ұйымдастыру жеңіл, ал пейнтбол бағалары Сіздерге міндетті түрде ұнайды.

Жұмыс сағаттары:

  • жұмыс күндері 10:00 — 17:00
  • демалыс күндері 10:00 — 18:00
 
Пейнтбол

100 рет атуға жиынтық

Маска, камуфляж, қолғап, пейнтболға арналған қару-жарақ

 4 800 т 
200 рет атуға жиынтық
Маска, камуфляж, қолғап, пейнтболға арналған қару-жарақ  6 000 т
Қосымша шарлар
50 шар үшін баға  1 400 т
Тирда ату  10 рет ату үшін баға  200 т

 

Как добраться