Oi-Qaragai Lesnaya Skazka Mountain Resort ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Белсенді демалыс және табиғатпен қарым-қатынас жасау үшін курорт
Алматыда атышулы демалысқа таулы

Тауға келіп, тыныққаннан артық не бар? Алматы қаласынан 30 км қашықтықта Қазақстанның ең әдемі жері Ойқарағай сайында «Орман ертегісі» таулы курорт-қонақ үйі ғана орналасқан. Әдемі аймақты қамтитын 5 гектар жерде өзінің заңғарлығымен бойсұндырған, қылқан жапырақты орман мен төбелер, сіздер еш қай жерден ендігәрі көрмейтін мінсіз бірдей тау үстірті, өсімдіктер әлемі мен жануарлар әлемі сіздерді қарсы алады.

Алматы облысындағы бұл ертегідегідей тау шаңғы курортына Сіздер жылдың кез-келген мезгілінде келе аласыздар. Себебі, ол барлық мезгілде жұмыс істейді. Бүкіл отбасымен немесе үлкен компаниямен тыныға отырып, сіздердің зерігуіңізге уақыт қалмайтын болады.

Сіздерді жайлы, сәнді және заманауи нөмірге немесе коттеджге орналастырады. Нағыз көшпенділерге айналу және киіз үйде тұру мүмкіндіктеріне ие боласыздар. Бұл жерде қаланың қарбалас өмірінен дем ала аласыздар.

Керемет Мейрамханалар дәмді тағамдар, жаңа сауылған қымыз, корпоративтік және отбасы кештерін, 300 кісіге салтанат кештерін ұсынады. Ойқарағай сайында «Орман ертегісі» тынығу базасы белсенді бос уақыт өткізудің әртүрлі түрлерімен ұнамды таң қалдырады.

Қыс мезгілі сіздерге естен кетпейтін сезімдер мен әсерлер сыйға тартады. Осы кезде сіздер:

  • жаяу немесе атпен қыдырып, саяхаттарға қатысып, табиғатта тынығудан рақат ала аласыздар;
  • атпен қыдырасыздар;
  • тау шаңғысы жолында сіздер шаңғыда немесе сноубордта сырғанаудың техникасын игеріп ала аласыздар;
  • мұз айдынында коньки теуіп, «ватрушкамен» сырғанап, толыққанды демалу үшін қажет барлық жабдыҚты жалға алып, рақаттаныңыздар;
  • белсенді демалып тыныққаннан кейін «Отбасы кафесіне», грузин мейрамханасына немесе бистро-кафесіне кіріп, дәмді және тойымды ас ішіп, күштеріңізді жинаңыздар, ал ән салушылар үшін бізде арнайы караоке-киіз үй бар. 

Жазда «Орман ертегісі» тау қонақ үйі ұсынады:

  • «Жібек жолы» сымды жол саябағының бір немесе барлық 7 жолын жүру;
  • арқан саябағында жаттығу;
  • скалодромда адреналин сезіну;
  • пейнтбол ойнау;
  • ойын және спорт алаңдарында болу.

Балаларға әртүрлі, ең қызықты және көңілді сабақтар қарастырылған:

  • Балалардың «Угуша» тау шаңғысы клубында білікті нұсқаушылар шаңғы және сноуборд тебуді үйретеді.
  • арқанды аттракциондар бала мен ересек адамды оқиғалар еліне апарады.
  • балалар бөлмесі, жазғы лагерь және атқа міну сабақтары баланың көңілін алдарқатып қана қоймай, сондай-ақ қала маңында демалып тынығудың жаңа қызықты әлеміне есік ашады.

Біздің үйде ғана сіздер бірегей ЭТНО-SPA күтімнен рақаттана аласыздар -– пилингтер, массаждар, орау, ағаш купельдері мен панта ванналары бұлшық еттерді босаңсытып қана қоймай, сондай-ақ ағзаның әр клеткасын сауықтыруға мүмкіндік береді. Енді сіздер демалыс күндері қайда баруға болатынын білесіздер: «Орман ертегісі» қонақ үй-курорты сіздерді тағатсыздана күтіп отыр. Бізде Сіздерді қызықтыратынның бәрі бар және тым қымбат емес. Бізге қоңырау шалыңыз: +7(727) 312 000 8 және осы викэндті сіздер ұмытпайсыздар!

Қалай жетуге болады